spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
21.2 C
Kokshetau

Түркия Айға ұшатын зымыран жасап жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Түркия Айға ұшатын зымыран жасап жатыр деп мәлімдеді Түркияның өндіріс және технологиялар министрі.

Мұстафа Варанк жексенбі күні Anadolu агенттігіне сұқбат берді. Ол түрік зымыраны Delta V Space Technologies Inc компаниясының технологияларын игеру негізінде әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп жазды  zakon.kz  centralasian.org сайтына сілтеме жасап.

Түркия Айға ұшу бағдарламасын екі кезеңмен жүргізбекші. 2023 және 2028 жылдарға жоспарланған. Бірінші кезеңде ұшқышсыз аппаратты ұшырып көрмек.

Министр Мұстафа Варанктың сөзінше, Түркия ғарыш саласының жоғарғы лигасына енуді көздеп отыр.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 9 ақпанда ұлттық ғарыш бағдарламасын әзірлеген. Түркия ғарыш айлағын салып, азаматтық және әскери мақсатта зымыран ұшырамыз деп отыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жолдау-2024 жүзеге асыру: МӘМС жүйесімен қосымша 1 млн-нан астам адам қамтылады

Мемлекет басшысының Жолдауын және өзге де тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика