ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың хал-жайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды «Aqmola News».
28 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 280 адам короновирус инфекциясынан (13 711 КВИ+ және 6 569 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 483 пациент стационарда, 15 797 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
– 249 адамның жағдайы ауыр;
– 52 пациенттің жағдайы өте ауыр;
– 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.