spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 9, 2025
14.2 C
Kokshetau

«Канело» Головкинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Екінші орта салмақта WBC және WBA белбеулерінің иегері Сауль «Канело» Альварес (54-1-2, 36 КО) желтоқсан айында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (42-1-1, 36 КО) кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлады Vesti.kz.

«Мен кез келген қарсыласқа дайынмын. Бастысы – ол мықты болуы керек. Бұл кездесуді жанкүйерлер де қалауы керек. Егер жанкүйерлер Головкинмен кездескенімді қаласа, мен онымен жекпе-жек өткізуге дайынмын», – деді мексикалық боксшы RingTV арнасына берген сұқбатында.

Одан бөлек, Альварес 2021 жылға да жоспар құрып отыр. Ол алдағы демалыс күндері түркиялық Авни Йылдырымға қарсы шығады. Мамыр айында WBO белбеуінің иегері британдық боксшы Билли Джо Сондерске қарсы, ал қыркүйекте IBF белбеуінің иегері Калеб Плантқа қарсы айқас өткізеді. Ал жылды ол жапониялық Риото Муратамен кездесіп, аяқтаймын деп еді. Енді жаңа жоспары бойынша Головкинмен шығып қалуы мүмкін.

Еске салайық, Головкин мен «Канело» бұған дейін екі рет кездесті. 2017 жылғы жекпе-жек тең аяқталса, бір жылдан кейін өткен айқаста Альварестің мерейі үстем болды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау чемпиондарды қарсы алды: Қазақстан әлемдік турнирде 13 алтын медаль алды

Мәскеуде 12 елден 730 спортшы қатысқан каратэ-до шотокан бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстандық каратэшілер керемет нәтижелер көрсетті. Қазақстан құрамасы 13...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img