spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-32.1 C
Kokshetau

Ақмола облысында «30 игі іс» акциясы өтіп жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Ақмола облысында «30 игі іс» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы.

Акция барысында Ақмола облыстық жастар-ресурстық орталығы волонтерларды қолдау орталығымен бірлесіп, Көкшетау қаласының №1 арнайы мектеп-интернатына барып, ауласын қардан тазартумен акцияны іске асырды.

Сондай-ақ, бұл игі іс-шараны областық жастар-ресурстық орталығы және волонтерларды қолдау орталығы қаламыздың жоғары оқу орындарына жолдап, акция жалғасын тапты. Жыл басынан бері облыс аумағында волонтерлердің және жақсылық жасаудан тайынбайтын ерікті жандардың арқасында 50-ден астам жалғыз басты қарт адамдардың және денсаулығы мүшкіл мүгедек жандардың үйлеріне барып аулаларын қардан тазартып көмектесті.

«Атбасар ауданында акцияға барлық селолық округтер қатысуда. Сондай-ақ, «Helpinghand» волонтерлер корпусы, «JasMura» жастар кешені, студенттер мен мектеп оқушылары атсалысуда», – дейді Атбасар аудандық жастар-ресурстық орталығының басшысы Назгүл Жәкішева.

Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға әлеуметік пакеттер үйлестірілуде.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика