spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Ақмолада 27 ақпаннан бастап карантиндік шектеу шаралары жеңілдетіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

27 ақпаннан бастап өңіріміздің бас санитарлық дәрігерінің Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын жеңілдету туралы қаулысы күшіне енді. Осыған орай, бірқатар мекемелердің жұмысы қайта жанданды,-деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық «Арқа ажары»газетіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының тұрғындары арасында COVID-19 ауруының 13305 жағдайы, соңғы екі аптада, яғни, 10-23 ақпан аралығында 1042 жағдай тіркелді. Оның алдындағы екі аптада 2317 жағдай тіркелген еді.

Сондықтан, аурудың 2,2 есеге азаюына байланысты карантин шаралары жеңілдетілді.

Алайда, отбасылық (банкет, үйлену тойы, мерейтой, корпоратив, дұға) сияқты көпшілік жиналатын іс-шараларды өткізуге, оның ішінде үйде өткізуге бұрынғысынша рұқсат жоқ. Облыс тұрғындарына қоғамдық тамақтану объектілерінде, сондай-ақ, үйде ұйымдастырылған мұндай көпшілік жиналатын іс-шараларға баруға тыйым салынды.

Осыған дейін көпшілік іс-шараларды өткізгені үшін мейрамхана мен той иелері ғана жауапқа тартылып келсе, енді жаңа қаулыға сәйкес, жиын-тойға қатысқан қонақтарға да айыппұл салынатын болады.

Ойын-сауық орындарынсыз саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарына топта 3 адамнан аспай немесе бір отбасымүшелеріне баруға рұқсат берілді. Жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 30 адамнан асырмай жиналуға болады.Сонымен қатар, мәдени объектілердің қызметі жанданады. Оларға 30 адамға дейін жеке топпен репетиция өткізуге рұқсат берілді. Кинотеатрлар мен театрлар сыйымдылықты 20 пайыздан асырмай жұмыс істей алады.

Қоғамдық тамақтану нысандары енді аптаның барлық күндері жұмыс істейді. Ал, фудкорттарға тек тапсырыс қабылдау арқылы ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Ғимарат ішіндегі және сыртындағы азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлар жұмыс күндерімен қоса, сенбі күндері қызметін жалғастырады. Сауда нысандары, яғни, супермаркеттер мен гипермаркеттер бұрынғы режим бойынша жұмыс істей береді.

Сауда үйлері, сауда-ойын орталықтары да бұрынғы режим бойынша жұмыс істеп, жексенбі күндері дем алады. Балалар ойын алаңдарына, аттракциондарға қызметтерін жалғастыруға бұрынғысынша рұқсат жоқ. Сонымен қатар, жаңа қаулыға сәйкес, сән салондары, шаштараздар, фитнес, спорт орталықтары клиенттерді алдын ала жазылу бойынша қабылдай алады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img