spot_img
Жұма, Қазан 18, 2024
2.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының білім беру ұйымдарында дебаттық студиялар ашылмақ

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысындағы 113 білім беру ұйымдарында бір жарым мыңнан астам баланы қамтитын 129 дебат клубы жұмыс істейді,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Бұл 96 жалпы білім беретін мектепте, 13 колледжде және 4 қосымша білім беру ұйымдарында және 31 дебат клубы қалалық мектептерде, 98 дебат клубы ауылдық жерлерде жұмыс істейді.

Клуб басшылары тарих, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері, ағылшын тілі мұғалімдері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары болып табылады.

Пікірсайыс үйірмелері мен студиялары ҚР Білім және ғылым министрлігі әзірлеген «ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ» оқушылардың пікірсайыс қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру ұсыныстарына сәйкес жұмыс істейді.
Оқушылар мен студенттер мектепішілік, аудандық пікірсайыс турнирлерін өткізеді.

Облыстық оқу-әдістемелік шығармашылық дарынды балалармен жұмыс істейтін орталығының жоспарына сәйкес, Ақмола облысының оқушылары «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық турниріне қатысады. Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар республикалық іс-шараға қатысады.  2020 жылы қазақ лигасында арнайы номинацияларды 3 бала жеңіп алса, 2019 жылы команда республикада 3 орын алды. Қазіргі уақытта республикалық деңгейде Бурабай, Зеренді аудандары мен Степногорск қаласынан 6 бала қатыспақ, -дейді Ақмола облысы білім басқармасы баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, 2021 жылдың тамыз айында Bolashaq saraiy «Жастар еліміздің болашағы» қалалық турнирін өткізуді жоспарлап отыр.
Қосымша білім беру ұйымдарын дамытудың перспективалық жоспарына сәйкес 2020-2025 жылдары

Ақмола облысы бойынша 11 қосымша білім беру ұйымдарында (балалар шығармашылық үйі) дебаттық студиялар ашу жоспарлануда.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img