spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Алексеевка ауылында өрттен әкелі балалы екі адам қаза тапты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында өрттен екі адам әкесі мен баласы қаза тапты,- деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылы ақпанның 23-де сағат 03:55 минут шамасында Зеренді аудандық өрт сөндіру бөлімінің пультіне Алексеевка ауылындағы үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шақыру орнына Зеренді ауданының және Көкшетау қаласының өрт сөндіру жасақтары жіберілді. Өртті сөндіру және үйдің құрылымын бұзу барысында екі адамның денесі табылды.

«Куәгерлердің сөзінше, қаза болған отағасы өрт кезінде екі баламен үйде болған. Ол балалардың бірін үйден алып шығып, екіншісін құтқармақшы болғанда үйден шыға алмай қалған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 20 адам және 5 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 05:00 минутта ауыздықталып, 06:40-та толық сөндірілді», – деді ведомстводан.

ТЖД баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде өрттің шығу себебі және адамдардың қаза болуына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, сот медициналық сараптама тағайындалып, өрт – техникалық зертхана зерттеу жүргізуде.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img