spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

24 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Өңірлерде боран соғып, солтүстікте қалың қар жауады. Оңтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды «Aqmola News».

Тек қана батыста антициклон ықпалымен күн райы ашық болады.

Кейбір аймақта тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады. Оңтүстікте және солтүстікте жел жылдамдығы 30 м/с болады.

Жамбыл, Түркістан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, жел кей жерлерде 15-20 м/с күшейіп, 30 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғады. Жел түнде 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде жылдамдығы 23-28 м/с жетеді, екпіні 30 м/с асуы мүмкін, күндіз 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола, Қарағанды облыстарында тұман түседі, боран соғады, желдің күші түнде 23-28 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысында күндіз жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Павлодар облысында көктайғақ болады, жел екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, бұрқасын соғады, жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Алматы, Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді, Шығыс Қазақстан облысында жаяу боран соғуы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысында жел жылдамдығы 15-20 м/с, боранда екпіні 23 м/с күшейеді.

Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жаяу боран соғады.

Ақтөбе облысында жел екпіні 23 м/с жетеді, Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img