spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Міндетті әлеуметтік сақтандыру – жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қорғау

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда базалық, міндетті және ерікті деңгейде  мемлекеттің, жұмыс берушінің және жұмыскердің арасындағы жауапкершілікті бөлуді көздейтін әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі моделі қызмет атқарады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру  жұмыс істейтін азаматтарды қамтиды және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) жұмыс берушілердің ай сайын аударатын әлеуметтік аударымдары есебінен қамтамасыз етіледі. Түскен әлеуметтік аударымдар қатаң түрде мақсатты тағайындалуы бойынша – туындаған әлеуметтік тәуекелдердің 5 түріне төленетін әлеуметтік төлемдерге жұмсалады.

Мәселен, мүгедектігі бар адамдарға және асыраушысынан айырылған асырауындағыларға бюджеттен төленетін мемлекеттік базалық жәрдемақыларға қосымша МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. Бұл ретте, еңбекке қабілеттілігінен айырылуы бойынша төлемдердің ұзақтығы адам еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіргенше немесе жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткенге дейін 45 жылға созылуы мүмкін, ал асыраушысынан айырылуы бойынша – асырауындағы адам  кәмелеттік жасқа толғанша не олар оқу орнын бітіргенге, бірақ  23 жастан аспайтын жасқа дейін төленеді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі  жұмыс істеген 16 жыл ішінде жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді.

Бүгінде 144 мыңнан аса адам мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша бюджеттен және МӘСҚ қаржысы есебінен мемлекеттік жәрдемақы алады.

Алушылардың төлемдері мен еңбек өтілі арасындағы өз ара байланысты күшейту мақсатында 2020 жылы МӘСҚ-дан төленетін еңбекке қабілеттіліктен айырылуы және асыраушысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері бір мезгілде орта есеппен  65% арттырылды.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған жәрдемақылар мен  төлемдердің мөлшері күнкөріс деңгейінің өсуіне пропорционалды түрде өсті,  яғни олардың сатып алу қабілетін сақтау үшін 5% арттырылды. Мұндай арттыру  жыл сайын жүргізіледі.

Сонымен қатар, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар соңғы 2 жылда жұмыс берушілерден түскен әлеуметтік аударымдарға байланысты МӘСҚ -дан жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемдер алады. Былтырғы жылы азаматтарымыз жұмыссыз ретінде  электронды тіркелуге және Электрондық еңбек биржасы (www.enbek.kz) порталы арқылы әлеуметтік төлем  тағайындауға өтініш беруге мүмкіндік алды. Былтыр республика бойынша 100 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуы кезеңіне МӘСҚ-дан әлеуметтік  төлемдер  алды.

Сонымен бірге, ана мен баланы қорғау мақсатында МӘСҚ-дан   жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты кірісінен  айырылуы және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты кірісінен айырылуы жағдайларына әлеуметтік төлемдер төленеді. Мәселен, 2020  жылы осындай қолдау елімізде 700 мыңнан аса алушыға көрсетілді.  МӘСҚ-дан бала күтіміне берілетін  әлеуметтік төлем  өтініш берушінің  төлемге құқығы туралы  sms-хабарламаға  оң жауап беру жолымен проактивті түрде тағайындалуы  мүмкін (егер өтініш берушінің ұялы телефонының нөмірі  мобильді азаматтар базасында болса).

2020 жылдың қорытындысы бойынша  Ақмола облысында (қаласында) МӘСҚ-дан алушыға жалпы сомасы 7 634 млн.теңге әлеуметтік төлемдер жүргізілді, оның ішінде еңбекке қабілеттілігінен айырылуына – 896,7 млн. теңге, асыраушысынан айырылуы бойынша  – 577,0 млн. теңге, жұмысынан айырылуы бойынша – 267,4 млн. теңге, жүктілікке және босануға  – 2 665,1 млн. теңге, және 1 жасқа дейінгі бала күтіміне – 3 227,4 млн. теңге.

Тұтастай алғанда, жұмыс істейтін адамдар бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңымен көзделген әлеуметтік тәуекелдер туған жағдайда МӘСҚ-дан әлеуметтік төлем ала отырып, жұмыс істемейтіндерге қарағанда едәуір басымдыққа ие болады.

Сондықтан, әлеуметтік қолдауды қажет ететін  мүгедектігі бар адамдар, асыраушысынан айырылған отбасы мүшелері, жұмыссыздар, жүкті әйелдер мен жас аналар әлеуметтік төлемдерді  уақытында алу үшін әлеуметтік аударымдарды тұрақты түрде, уақтылы, толық көлемде төлеу өте маңызды.

Жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыра отырып және тұрғындардың жұмыспен қамтылуын ынталандыру арқылы бүгінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың маңызды және қажетті элементі болып отыр.Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жөніндегі барлық қосымша сұрақтар бойынша www.gfss.kz  сайтынан білуге болады немесе kokshetau@gfss.kz телефоны арқылы 8 (7162) 90-10-21; 90-11-07 Көкшетау қ

Ақмола облысы бойынша

«Мемлекеттеік әлеуметтік сақтандыру қоры»

АҚ филиалы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img