spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Көкшетауда жалғыз «ерекше» балаларға арналған «Айгөлек» тобы қалай жұмыс істейді? (ВИДЕО)

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласында «Нұр бала» балабақшасында ерекше балаларға арналған «Айгөлек» тобы жұмыс істейді. Дамуында күрделі ақауы бар балаларға арнайы мамандар әлемнің құпиясын ашуға көмектеседі,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

«Айгөлек» тобы 2019 жылы «Дара» қайырымдылық қорының қолдауымен ашылды. Бүгінде топта барлығы 5 бала тәрбиеленуде. Педагогтер әр баламен жеке-жеке жұмыс жасалатынын айтады.

«Біз дамуында күрделі бұзылу жағдайлары бар балаларға арналған арнайы типтік бағдарлама бойынша білім алып жатырмыз. Күн сайын түзету сабақтарын өткіземіз, балалардың әрқайсысына жеке тәсіл қажет, – деді тифлопедагог Наргүл Бекимова.

Маманның айтуынша, мұндай балалармен жұмыс істеу – төзімділік пен шыдамдылықты қажет етеді.

 

«Біз олардың дұрыс отырып тамақ ішуі, сөздік қорларын көбейтіп, өз бетімен ойнап, аз да болса жетілуі үшін барымызды салудамыз», – деді Наргүл Бекимова сұқбат барысында.

Оқу процесінде денсаулық сақтау, ойын технологиялары сонымен қатар сенсорлық интеграция кеңінен қолданылады.

«Денсаулық сақтау технологиясы баланың жағдайы мен әл-ауқатын ескере отырып, сабақтар өткізуге мүмкіндік береді. Ойын технологиясы кезінде, бала өзі туралы айтады. Жалпы ойын мектеп жасына дейінгі балалар үшін әрқашан ерекше орын алады. Осы технологияның көмегімен біз баланы шығармашылықпен дамытып, оған еркін болуға көмектесеміз. Сенсорлық интеграция-ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің заманауи әдістерінің бірі. Сенсориканың көмегімен біз барлық сезім мүшелерін дамытамыз», – деп түсіндірді Бекимова.

Маманның айтуынша «ерекше» балалармен жұмыста бастысы – командалық жұмыс.

«Командалық жұмыс – бұл баланың өмірінде ата-ана, психолог, дефектолог, логопед, тифлопедагог сияқты барлық мамандардың бірлесіп, оның дамуына белсене араласуы болып табылады. Біз бір-бірімізбен байланыса отырып, бір мақсатқа – баланың өз қарым-қабілетінің ашылуына, өмірге бейімделуіне көмектесеміз, – дейді Наргүл Бекимова.

Наргүл Бекимова бүгінде Көкшетау қаласындағы жалғыз тифлопедагог екенін атап өткен жөн. Дегенмен балалардың баяу дамығанына қарамастан нәтижелер де жоқ емес.

«Бір қызымыз бес ай бойы осында тәрбиеленген. Кейін оның анасы жағдайының жақсарып келе жатқанын байқап, оны көру қабілеті бұзылған балаларға арналған топқа кәдімгі балабақшаға ауыстырды», – дейді Наргүл Бекимова.

«Нұр бала» балабақшасында қазіргі таңда 280 бала тәрбиеленуде. Олар қазір 15 баладан кезекші топтар жұмыс істеуде.

«Біздің балабақшада сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған «Айгөлек» тобы жұмыс істейді. Лого-пунтке балалармен дефектолог, логопед, психолог мамандары айналысады, – дейді балабақша әдіскері Әлима Рахимжанова.

Әлима Рахимжанованың айтуынша балабақшада сонымен қоса заманға сай STEM білім беру жүйесі қолға алынып, жаңаша технологиялармен жұмыс істеуге назар аударылған. Атап айтқанда, денсаулық сақтау, жоба іс-шығармашылық, қатынастық ақпарат, ойын, проблемалық оқыту, М.Монтессори, В.Воскобович сияқты технологиялар енгізілген.

«Барлық дидактикалық қажетті материалдар жеткілікті. Сабақтар «Фребель сыйы», құрылыс ойындары, сюжеттік ойындар, логикалық ойындар түрінде ұйымдастырылады», – дейді Әлима Рахимжанова.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img