spot_img
Дүйсенбі, Қараша 24, 2025
0.7 C
Kokshetau

22 ақпан күнгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

22 ақпанда еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар жауады, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігі мен солтүстігі жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу боран соғады, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды «Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Алматы, Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу боран соғады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облстарының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау, Кызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал.

Ақмола, Павлодар, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақ  халқының дәстүрлі  киімдері

Қазақтың ұлттық киімі – ұлтымыздың айнасы. Халқымыз ерте заманнан түрлі әсем киім үлгілерін жасап, киіп келген. Осы киімдердің эстетикалық,этно-мәдени,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика