spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Ақмолалық механизатор УАЗ автокөлігін жол талғамайтын көлікке айналдырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Атбасар ауданында қарапайым механизатор жігіт «УАЗ-469» автокөлігін жол талғамайтын көлікке айналдырды. Болашақта өнертапқыш азамат тіпті БТР  көлігін де жасамақ ниетте, – деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігінің тілшісі.

Механизатор жігіт өзіне бір адамның көмек сұрап келіп, содан осы істі қолға алғанын айтады.

«Маған қолыңнан келеді ме?» деп сұрады. Мен әрине жасай аламын дедім. Содан бірден іске кірісіп кеттім, – деп еске алды Евгений Куцев.

Шебердің айтуынша, қарапайым көлікті жол талғамайтын жаңа көлік жасап шығару аса қызықты әрі жеңіл болған.

«УАЗ көлігі жаңартуға өте бейім көлік. Барлық бөлшектер қолда бар құралдардан әзірленді. Тек дөңгелектері ғана өзінікі емес. Қалғандарын бәрін металлдарды бүгіп-кесіп, артқы есіктерін алып, белдіктерін күшейттік, – дейді Евгений.

Көліктерді жаңғыртып жаңадан басқа түрлерін ойлап шығаруды Евгенийге оның зауытта бірге істейтін әріптесі ұсыныпты. Ал Евгений Кузнецов 10 жылдан бері Атбасар электровоз жөндеу зауытында слесарь болып жұмыс істеген.

«Осыған дейін дәнекерлеуші болып істедім. Ал мамандығым бойынша құрылыс шеберімін. Досым менің қолымнан келетінін айтып жігерлендіре түсті. Осылай өзіміздің техникалық қызмет көрсету станциямызды ашуды жөн деп таптық, – дейді Евгений Куцев.

Жол талғамайтын көлікті жасауға дәнекерлеуші Роман Будан және шанақ жұмыстарының маманы Максим Кожемякпен бірге үшеулеп кіріскен.

«Екі айдың ішінде жол талғамайтын жаңа көлікті жасап шығардық. Алғашқы клиентіміздің қуанышында шек болмады. Қайта-қайта қолымызды алып, алғысын жаудырды. Көлікті сынақтан өткізіп, тест-драйв жасадық. Шынымды айтсам, өзімде қатты таңдандым. Ол өте керемет! Жұмсақ әрі жайлы. Кез-келген жолда жүре алады. Қар үстінен майды пышақпен тіліп өткендей өте шығады, – дейді Евгений Куцев.

Оның айтуынша, елімізде жол сапасы өте нашар болғандықтан мұндай көліктер ауадай қажет. Ал мал бағатын тапсырыс берушіге алыстан бақылауға таптырмас көлікке айналған. Қазір шеберге иномарка шанағында дәл осындай жол талғамас көлік шығаруға тағы бір тапсырыс түскен.

«Егер бәрі сәтті болса үш белдікті БТР типтес жол талғамайтын көлік жасауды жоспарлап отырмыз. Ол суда да жүре алатын болады. Сондай-ақ біз қарапайым жөндеу жұмыстарын жасай береміз, – дейді Евгений.

Өнертапқыштар алдағы уақытта да басқа да көлік түрлерін ойлап шығармақ ниетте.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img