Осыған дейін дауылдан Жақсы ауданында аудандық мәдениет үйінің шатырының жұлынғанын хабарлағанбыз. Араға бірер сағат салып, Жарқайың ауданында да мәдениет үйінің шатырын жел ұшырды, деп хабарлайды «Aqmola News».
Оқиға бүгін кешкі сағат 18:20 шамасында Костычево селосында орын алған. Ақ түтек боран мен дауылдың екпіні Костычево ауылдық мәдениет үйінің ғимаратының шатырын көтеріп әкеткен.
«Ұшып кеткен мәдениет үйінің шатырының аумағы 380 шаршы метрді құрайды. Ғимарат 1976 жылы салынған. Шатырға соңғы күрделі жөндеу 2019 жылы жүргізіліпті, – деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Құтқарушылар облыс тұрғындарын төтенше жағдайлардың алдын алу үшін үйде қалуларын сұрайды.