spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
5.2 C
Kokshetau

Моңғолияда 23 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

 Моңғолия үкіметі ел тұрғындарына вакцина егуді 23 ақпаннан бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясында Моңғолия елінің Денсаулық сақтау министрі С.Энхболд мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Montsame ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство басшысының айтуынша, 23 ақпаннан бастап ел азаматтарын вакциналау бойынша жоспар құрылды. «Қазіргі кезде біз вакцинаның төрт түрін импорттау туралы келіссөздер жүргізудеміз. Бірінші кезекте Моңғолия Pfizer және AstraZeneca вакциналарын алады», – деді С.Энхболд. Ол сондай-ақ -70 градус температурада сақталуы тиіс Pfizer вакцинасына арналған қойма және жабдықтардың толық дайын екенін қосып өтті. «Ел тұрғындарының 20 пайызына вакцина Covax бағдарламасының қаржыландыру есебінен егіледі, вакциналауға тұрғындардың жалпы алғанда 60 пайызы тартылады. Ел халқының қалған бөлігін вакциналау қаржыландырудың басқа көздерінен жүргізіледі. Бұл мәселе Қаржы министрлігі тарапынан толық шешіліп, мақұлданған», – деді министр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрметті қала және аудан тұрғындары!

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға тегін ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетілуде. Егер сіз: ✔️ 90 күннен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика