spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Қаржы министрлігі 2021 жылдың алғашқы айын қорытындылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылғы қаңтардағы республикалық және мемлекеттік бюджеттердің шығыстары жөніндегі жоспардың орындалуы жайында айтты.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік бюджеттің шығыстары 91%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары 94,4%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 80,6%-ға орындалды.

Республикалық бюджет бойынша 1 трлн 212 млрд теңге сомасына шығыстар жүргізілді. Орындалмау 72 млрд теңгені құрады, оның 7 млрд теңгесі үнемделді. Игерілмегені – 65 млрд теңге.

Ірі көлемдегі бюджетті игермеген ведомстволар қатарына – Қаржы, Цифрлық даму, Төтенше жағдайлар, Білім және ғылым және Мәдениет министрліктері кіреді.

Игерілмеудің негізгі себебіне: төлем жөніндегі құжаттарға ұзақ уақыт жұмсау, орындалған жұмыстар актісін уақытылы ұсынбау, нақты көрсетілген қызметтер көлемі, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу, шарттар мен қосымша келісімдерді қазынашылық органдарына тіркеуге кеш ұсыну бар.

«Жергілікті бюджеттердің шығыстары 203 млрд теңгені құрады. Орындалмаған – 49 млрд теңге. Ағымдағы жылы өңірлерге 1,9 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер қарастырылды. 1 ақпанда оларға 32 млрд теңге бөлінді, оның 79,3%-ы игерілді. 6 млрд теңге орындалмаған, оның ішінде 2 млрд теңге үнемделген, 4 млрд теңге игерілмеген», – деп түсіндірді Жамаубаев.

Бюджет қаражатын ең көп мөлшерде игере алмаған өңірлер: Батыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола және Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img