spot_img
Бейсенбі, Наурыз 5, 2026
-0.8 C
Kokshetau

Қазақстанда 14 мыңнан астам медицина қызметкері егілді

Сондай-ақ...оқыңыз

1-11 ақпан аралығында Қазақстанда коронавирустық инфекциясына қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын 14 мыңнан астам медицина қызметкері алды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚДСҰО санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының сарапшысы Лена Қасабекова осындай мәліметтерді жария етті.

«2021 жылғы 1-11 ақпан аралығында республика бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы 14 мыңға жуық адам егілді. КВИ-ға қарсы егілгендер арасында иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Бірақ, күтілетін реакциялар пайда болуы мүмкін – қызару, инъекция орнындағы ауырсыну, температураның жоғарылауы, қан қысымының қысқа мерзімді жоғарылауы және т.б., олар бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады», – деді Л. Қасабекова.

Спикердің атап өтуінше, әлем бойынша қазіргі кезде алты вакцина қолданылып жатыр. Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқы мемлекеттердің бірі болып коронавирусқа қарсы екпе жасай бастады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ерейментауда «Қызылту» кәсіпорнының ұжымымен Конституцияға өзгерістер талқыланды

Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы «Қызылту» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде аудан әкімі Нұрлан Мұқатовтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика