Қазгидромет 15 ақпан күнгі ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды «Aqmola News».
ҚР территориясының ауа райында күрт өзгерістер күтілмейді. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын сақтаса, батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аудандарына қар жауады, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі сақталады.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ, басым бөлігінде желдің 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Атырау облыстарында кей жерлерде тұман, Павлодар облысында – көктайғақ, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің 17-22 м/с күшеюі, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.