spot_img
Дүйсенбі, Маусым 2, 2025
21 C
Kokshetau

12 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Aqmola News» «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ республиканың кей аумағында жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал солтүстігінде қар жауады. Тек еліміздің оңтүстік және батысында жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Атап айтқанда, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с жетеді.

Ақмола, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал.

Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Түркістан, Манғыстау, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында әзірленуде

«30 мамыр күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады», деп хабарлайды . Акцияның мақсаты –...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика