spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Көкшетаудан балалар асырап алған Америкалық ана сырын айтты

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетаудан балаларды асырап алған америкалық отбасы өздерінің бастан кешкендерін әңгімелеп берді. Мұхит асып кенткен қазақстандық балалар қазір Америкалық үлгілі отбасылардың бірінде тәрбиеленіп жатыр. Өздері балалы бола алмаған отбасы үшін махаббат әлемдегі ең басты күш деп санайды.  Қазіргі уақытта Дэниел және Маяй есімді балалардың жасы 16-ға толған. Олар өздерінің Қазақстанда туғандарын біледі екен. Отбасылық дәрігер болып қызмет ететін Энн Джейкобсон бірнеше жылдар бойы клиникада қызмет еткен. Кейін денсаулық сақтау саласында кеңесші Лойола Стритч медициналық мектебінде оқытушы болып жұмыс істепті. Ол жұбайы Джон Лиммен бірге ата-ана болу жолындағы қиындықтарын баян етті.

«Чикаго қалаасындағы репродуктивті медицина клиникасында күн сайын бір уақытта радиохабарландырулар таратылатын. Бірнеше апта бойы мен менің түсіме орталық репродутолог дәрігеріне алғысын білдірген әйел дауысынан оянатынмын. Онсыз менің баламда менің көгілдір көздерім мен жұбайымның кең жымиысы болмас еді. Осыдан он жыл бұрын мен осы клиникаға апасына бірнеше рет кедім. Бірнеше қан талдауларын өткізіп, ультрадыбысты зерттеулерден өткеннен кейін мен отбасылық дәрігер болып жұмыс істеген кдиникаға келдім. Менің емделушілерімнің арасында көптеген жүкті әйелдер болды. Олар менен өзімнің бала көтерген я көтермегенімді сұрады. Мен шынайы түрде әлі жоқ деп жауап бердім. Төрт жыл бойы түсік тастадым. Бірақ сол бір радио хабарламасы менің есімнен шықпай қойды. Мен алған бетімнен қайтпадым. Одан әрі де балалы боламын деген үміт сәулесі мені алға жетелей берді. Жұбайым да дәрігер болып қызмет етеді. Біз барлық амалдарды қолданып көрдік. Осыдан кейін бедеулік жөніндегі маманның алдына барып кеңестік. Ол толыққанды отбасы үшін донорлық жұмыртқа жасушаларын қолдану, ұрықтарды алудың репродуктивті әдістерін түсіндірді. Бірақ бұлардың бәрін қолданған біз бедеуліктен емделуді тоқтатқан жөн деп таптық, – дейді Энн Джейкобсон.
Америкалық отбасы осыдан кейін баланы асырап алуды жөн санаған. Ол үшін көп әзірленіп, үміт пен күдікке толы сезімдерді бастан өткеріпті.
«Қырық аптаға созылатын шынайы жүктілік қандай қиын болса, әрбір сәт арман мен қорқынышқа, күдік пен әзірлік толған бала асырап алу да соншалықты қиын. Отбасына бала асырап алу босанған кездегідей ауыртпағанымен бүкіл жүйке-жүйеңді жегідей жеп, өз ойларыңмен алысасың. Біз қазіргі балаларымызды олар жеті жасқа жеткенше көрген де жоқпыз. Олар бізден мыңдаған шақырым жерде сәбилер үйінде болды. Біз олардың биологиялық ата-анасының кімдер екенін, олардың әлеуметтік жағдайлары мен тамақтарының сапасы, балалардың қалай туылғанынан да хабарымыз аз болды. Дегенмен, біз балаларымызды алғаш көрген сәттен-ақ барлық тексерістерден бас тарттық. Олар дың көздерінен «осынша ұзақ уақыт қайда болдыңыздар? Деген сөздерді көргендей болдық, – дейді Энн Джейкобсон.
Содан бері арада он бес жыл өткен. Балаларға жақсы тәрбие беріліп, отбасылық құндылықтарды түсіндірген. Дегенмен, америкалық ата-ананың әлі де болса түрлі ойлар мазалайтынын жасырмады.
«Балаларымыз бізден алдағы уақытта өзінің нақты ата-аналарын сұрайды-ау деген сұрақ бізді күн сайын мазалайды. Олар өздерінің шын мәнінде бауыры мен әпкесі ме екенін де сұрайтын шығар. Расында да олардың тегі мен тууы кезіндегі белгілер оларды ерекшелейтін де шығар. Менің ойымша күн сайынғы адамның бір біріне құрметі мен барлық отбасының махабатты отбасын одан сайын біріктіріп, нығайта түседі, – дейді Энн Джейкобсон
Бір өкініштісі сол мен өз балаларымның шын ата-анасының кімдер екенін білмеймін. Бірақ мен оларға шынайы разымын. Мен тек әлемнің келесі жартысынан зор қуаныш әкелген шынайы бақытымды таптым. Өйткені, әлем тек махаббатпен ғана шынайы екендігіне сенемін. Мен балаларымның осыны білім өскенін қалаймын, – дейді Энн Джейкобсон.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img