spot_img
Сенбі, Ақпан 28, 2026
-25.8 C
Kokshetau

Полиция қызметкерлері өрттен үш адамды құтқарды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында полиция қызметкерлері өртеніп жатқан үйден үш адамды құтқарды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Instagram әлеуметтік желісінде куәгердің алғыс сөздері жарияланған жазба шықты. Алайда, пост авторы өзі туралы мәлімет қалдырмаған. «Полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Үш адамды жанып жатқан үйден құтқарып, газ баллонын шығарды. Сіздерге үлкен рахмет, адами тұрғыда үлкен рахмет!»,- деп жазды желі қолданушы.

Анықталғандай, ақпанның 5-інен 6-сына қараған түні «Щучье-Бурабай» автожолында полиция аға лейтенанты Қуаныш Үмбетов пен полиция аға сержанты Ермек Самарханның «Тұлпар 12» экипажына такси жүргізушісі жолығып, Шоссейная көшесінде тұрғын үй өрттеніп жатқанын хабарлаған.

«Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары өрт сөндірушілердің келгенін күтпестен үйдің есігін бұзып, іште болған әйел мен екі ер адамды құтқарды. Артынша, ас үйдегі газ баллонын сыртқа алып шықты. Сәл кешікенде газ баллоны жарылуы ықтимал еді. Полиция қызметкерлерінің батылдығы мен қырағылығының арқасында ешкім зардап шеккен жоқ», – деп толықтырды ведомстводан.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Конституциялық реформаның мазмұнын тереңірек түсінуге және оның ел дамуына әсерін пайымдауға мүмкіндік берді

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Конституциялық реформа — негізгі өзгерістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Шараның  мақсаты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика