spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Дариға Назарбаева жекеменшік балабақшалардағы жалақы мәселесіне қатысты депутаттық сауал жолдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Мектепке дейінгі мемлекеттік емес мекемелер желісінің кеңеюі балабақшадағы орын тапшылығы мәселесін азайтып, қоғамдағы шиеленісті едәуір жеңілдетті. Алайда, депутаттарды мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде қаржыландырылатын жекеменшік балабақша педагогтері алатын жалақының аздығы алаңдатады. Бұл туралы Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева мәселе көтерді.

«Мемлекеттік тапсырыстағы мектепке дейінгі жекеменшік мекеме педагогтерінің жалақысын көтеру алдағы 2 жыл ішінде қарастырылмаған еді. 2020 жылдың 20 қазанындағы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылдың 27 қарашасындағы № 597 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кредиттік технологиямен білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына өзгертулер енгізу арқылы, аталған әдістемеге (бұдан әрі – Әдістеме) өзгертулер енгізілген», – деді депутат.

Мектепке дейінгі білім беру ісіне байланысты әдістемеде төмендегі мәселелер ескерілген:

1. 2019 жылдың 1 қаңтарынан және 1 маусымынан бастап өсуін ескере отырып, лауазымдық жалақыны есептеу барысында коэффиценттердің өсуі;

2. Ресми жалақыға түзету коэффицентін 2020 жылы 25%, 2021 жылы 50%, 2022 жылы 75%, 2023 жылы 100% мөлшерінде енгізу;

3. Педагогтердің еңбек демалысының ұзақтығын 56 күнтізбелік күнге дейін арттыру.

«Дегенмен, аталған бұйрық жергілікті мекендерде орындалмай отыр. Нәтижесінде жекеменшік балабақша педагогтері еңбегіне адал төлемақы ала алмай отыр», – деп атап өтті депутат.

Айта кетерлігі, «Білім туралы» заңның 6-бабы 3-тармағының 7-1 тармақшасы және 2-тармағының 7-3 тармақшасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ісіне мемлекеттік тапсырысты бекітеді. Жергілікті бюджетте қаражат тапшылығы болса, жан басына қаржыландыру тетігін іске асыру үшін республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен шығындарды өтеу қарастырылған.

«Қазіргі уақытта әкімдіктер бір балабақша тәрбиеленушісіне жан басына шаққандағы нормативтің мөлшерін ерікті түрде анықтайды, ал бұл белгіленген нормативтің орташа мөлшерінен едәуір төмен», – деді депутат.

Дариға Назарбаева мысал ретінде Түркістан облысын келтірді. Онда жан басына шаққандағы норматив 25 500 теңге көлемінде белгіленді. Ал 2021 жылы ол қалалық жерлерде 37 527 теңгені, ал ауылдық жерлерде 41 053 теңгені құрауы керек.

«Салдарынан жекеменшік балабақшалар мен педагогтер тиісті қаржыны ала алмай отыр. Көп маман жұмысынан айырылып, мекемелер жабылуда», – деді депутат.

Дариға Назарбаева осыған байланысты Премьер-министрден келесі сауалдарға жауап беруді сұрады:

  • Облыстардағы мемлекеттік тапсырыстың көлемі қалай қалыптасады?
  • Жеке қаржыландыру шеңберінде бөлінген қаражат жергілікті атқарушы органдармен іс жүзінде қайда бөлінеді?
  • Жергілікті атқарушы органдардың жеке қаржыландырудың көлемін төмендетуге құқығы бар ма?
  • Аймақтарда мемлекеттік тапсырыстың қалыптасуы мен оның жүзеге асуын бақылау кім және қалай жүзеге асырады?
  • Жергілікті бюджеттердің жетіспейтін қаражатын республикалық бюджеттен өтеу механизмі қандай?
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img