spot_img
Сәрсенбі, Қараша 27, 2024
-11.6 C
Kokshetau

Наталья Дементьева Мәжілісте қазақ тілін сапалы оқытудың бірнеше жолын ұсынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Оқулықтардың сапасы сын көтермейді, қазақ тілін оқытудың әдістемесі нашар. Бүгін Мәжіліс отырысында Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланған бір топ депутат Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке сауал жолдады.

«Ұлттың ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген еді. Кезінде сондай қауіптің қазақ тіліне де төнгенін бәріміз жақсы білеміз. Ата мен немере екі тілде сөйлесетін күйге түскенін, республиканың астанасы Алматыда қазақ тілінде оқытатын жалғыз мектеп болғанын ұмыта қойған жоқпыз. «Тәрбие тал бесіктен басталады» дегенді ұмытпаған жөн. Ал тілдің тал бесігі не? Ол, әрине, мектеп… Оқушылар да, мамандар да қазақ тілін оқыту әдістемесінің сапасына қатысты сын айтады. Жаңа оқулықтар жыл сайын шығады, қаражат бөлінеді, әдістемелер, жаңа контенттер толып жатыр. Бірақ балаларымыздың қазақшасы бәрібір нашар. Оқулықтардың сапасы сын көтермейді. Тапсырмалары өте күрделі. Қарапайым ауызекі сөйлеу дағдысы қалыптаспаған балаға үйіп-төгіп қиын грамматикалық тапсырмалар беріледі. Мағынасы ауыр өлең-тақпақтарды айтпай-ақ қояйық», – дейді Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланған Мәжіліс депутаттары.

Депутат Наталья Дементьева бұл мәселені шешудің бірнеше жолын ұсынды.

«Біріншіден, оқушылардың қазақша еркін сөйлеп, қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізе алуы үшін мұғалімдер тарапынан айтылым тапсырмаларын сабақ үдерісінде жиі қолдану, оқушының ауызекі сөйлеуіне басымдық беру, осыған қол жеткізуге мүмкіндік жасайтын әдіс-тәсілдерді әзірлеу.

Екіншіден, қазақ тілі оқулығындағы айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым тапсырмаларының тақырыптарға сай келуін бір жолға қою.

Үшіншіден, қазақ тілін еркін меңгеріп, күнделікті өмірге толыққанды енгізу үшін әр мектепте тілдік орта құру. Бұл орайда Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі тілдік ортаға бойлау сыныптарының іс-тәжірибесін әр мектепке енгізуді қарастырған жөн болар еді», – деді Дементьева.

Сонымен қатар, депутаттар қазақ тілінің орыс тілді мектептерде оқытылу сапасына мемлекеттік деңгейде мән берілу қажеттігін сұрады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда  «Ер намысы — Ел намысы – 2024» қалалық байқауы өтті

"Достар" мәдениет сарайында погондағы ер азаматтар арасында "Ер намысы — Ел намысы-2024" атты қалалық байқауы өтті. Жыл сайын өткізілетін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img