Бүгін Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай» атты оқырмандар конференциясын өткізді, деп хабарлайды «Aqmola News».
Шара Ақан Сері атындағы мәдениет колледжі студенттерінің ақиық ақынның шығармашылығына арнаған театрландырылған қойылымымен басталды.
Одан соң ақын, жазушы, Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы Ерболат Баят, Ақын, журналист, «Көкшетау» газетінің бас редакторы Серік Жетпісқалиев, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің қазақ тілі мен əдебиетінің жоғары санатты оқытушысы, педагогика және филология ғылымдарының магистрі Т. Жоламанова қатысып, ақынның шығармашылығы, поэзиясының ерекшеліктері жайында баяндамаларын оқыса, ақын, кітапхана директорының орынбасары Қуаныш Оспанов, Мерген Тоқсанбай, Саян Есжан сияқты ақындар, «Kokshe» телеарнасының редакторы Ұ. Зейнулкабиденов ақын өлеңдерін нақышына келтіре оқып берді.