Ақмола облысының түзету мекемелерінде сотталушылардың мемлекеттік органдарға өтініштерін электронды форматта жолдайтын терминалдар іске қосылды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше бұл колониядағы сотталушыларға қысқа мерзімде өз бетінше өздерінің шағымдары мен арыздарын жолдауға мүмкіндік береді.
Мұндай терминал қондырғылар ерекше қауіпсіздік сақталатын ЕЦ-166/24 түзеу мекемесіне де орнатылып, сотталушылармен терминалды қолдану бойынша оқыту ұйымдастырылған. Терминалдың басты ерекшелігі сотталушы өз өтініш тілектерін өзі жолдай алады. Девайсты жасаушылар Secugen атты биометриялық сканер орнатқан. Онда сотталушылардың саусақ іздері енгізіліп, сонымен қатар колониядағы барлық сотталушылар туралы анықтамалық мәліметтер сақталған. Терминалда үздіксіз қуат көзі, кіріктірілген ақпаратты басып шығару принтері, сенсорлы экраны мен веб-камералар орнатылған.
«Сотталушылардың әкімшіліктің қатысуынсыз дербес түрде өз өтініштері мен шағымдарын жолдау алуы барлық рәсімдердің мөлдірлігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бұл халықаралық стандарттарға да сәйкес келеді, – дейді Ақмола облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Горнова.
Электронды құжат айналымы көрсеткендей 2020 жылы ғана облыс сотталушыларымен 3165 өтініш жолданған. Ал 2019 жылы оның саны 2978-ді құраған.
Осыған қарап-ақ териминалдарды орнату уақытында әрі шындықты бүркемеленбеуіне жол ашады деп сеніммен айтуға болады, – дейді Ирина Горнова.