spot_img
Сенбі, Ақпан 28, 2026
-17.8 C
Kokshetau

Наурыз айының соңына дейін 7 млн италияндық коронавирусқа қарсы вакцина алмақ

Сондай-ақ...оқыңыз

Наурыз айының соңына дейін 7 млн италияндық коронавирусқа қарсы вакцина алмақ. Бұл туралы Италия үкіметінің коронавируспен байланысты төтенше жағдайлар жөніндегі арнайы комиссары Доменико Аркури айтты, деп жазады ANSA агенттігі.

Аркуридің айтуынша, орталық үкімет өңірлік және провинция билігімен бірлесіп көп жұмыстар атқарып жатыр және наурыз айының соңына дейін 7 млн италияндық коронавирусқа қарсы вакцина алмақ.

Айта кетсек, Италия коронавирус пандемиясынан қатты зардап шеккен Еуропа елдерінің бірі. Италияның экономикалық жағдайы қазір қиын кезеңді бастан кешіп жатыр. Экономиканың негізгі салаларының бірі – туризм пандемия кезінде үлкен шығынға ұшырады.

2020 жылы Италия экономикасы 9%-ға қысқарды. Жұмыссыздық деңгейі 10%-ды құрайды. Жұмыссыздық деңгейі әсіресе жастар арасында жоғары болып тұр. Оның үстіне жақында Италияның премьер-министрі қызметінен кетті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жаңа Конституция және жоғары білім: Көкшетауда болашақ бағыты талқыланды

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті қабырғасында республикалық референдум аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен жаңа...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика