spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 19, 2024
11 C
Kokshetau

ДДСҰ: Егер мемлекеттер коронавирус вакцинасымен бөліспесе, біз басталған жерге қайта ораламыз

Сондай-ақ...оқыңыз

Коронавирусқа қарсы екпе алғандар саны жұқтырғандар санынан асып кетті. Бұл туралы жұма күні ДДСҰ басшысы Тедрус Гебрейесус айтты, деп хабарлайды «Aqmola News» БҰҰ жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, ол екпенің төрттен үш бөлігі әлемдік ЖІӨ-нің 60 пайызы тиесілі 10 елде жасалғанын атап өтті. Жалпы 2,5 миллиард адам тұратын басқа 130 елде бірде-бір адамға екпе жасалмады.

«Кей елдерде қауіп тобына жатпайтын адамдардың да біраз бөлігіне вакцина салынды. Кез келген үкімет өз халқын қорғауға міндетті. Бірақ вакцинасы бар елдер өздерінің медицина қызметкерлері мен қарттарына екпе салғаннан кейін, тұрғындарының қалған бөлігін қорғағысы келсе – вакцинамен бөлісу керек», – деді дәрігер Тедрос. «Әлемдегі қауіп тобындағы адамдарға екпе егу үшін қаншалықты көп уақыт кетсе – біз вирустың мутацияланып, вакцинаны «алдауына» соншалықты көп мүмкіндік береміз. Басқаша айтқанда, біз вирусты жұмылып жеңбесек, басталған жерге қайта ораламыз», – деп түсіндірді ол.

Айта кетсек, сәрсенбі күні ДДСҰ мен оның серіктестері COVAX бастамасы аясында коронавирусқа қарсы вакцинаны бөлудің алғашқы аралық болжамын жариялады. Көптеген ел тұрғындарды вакцинациялау кампаниясын бастауға дайын, бірақ әзірге препараттар жеткіліксіз. Дәрігер Тедрос вакцинасы бар мемлекеттерді басқа елдермен бөлісуге шақырды.

«Сондай-ақ біз вакцина өндіруді көбейтуіміз керек. Өткен аптада Sanofi компаниясы Pfizer/BioNTech вакциналарын өндіру үшін өзінің өндірістік инфрақұрылымын ұсынатынын айтты. Біз басқа компаниялардың да осыдан үлгі алғанын қалаймыз», – деді Тедрос мырза.

Еске салсақ, Қазақстанда 1 ақпаннан бастап жаппай вакциналау шарасы басталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img