spot_img
Бейсенбі, Шілде 10, 2025
27.2 C
Kokshetau

8 ақпан күнгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

8 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады, деп хабарлайды «Aqmola News» «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с, 30 м/с артуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, басым бөлігінде 15-20 м/с екпінде жел тұрады, екпіні 23-28 м/с артуы ықтимал.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болжанады. Желдің күші 23-28 м/с артады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 23-28 м/с артады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Жел екпіні 23 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Екпіні 23-28 м/с артады.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз желдің күші 23-28 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. 15-20 м/с екпінде жел тұрады.

Алматы, түнде және таңертең Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 18-23 м/с күшейеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ушу спортынан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алты медаль алды

Қытайдың Джилинг қаласында ушу саньда спортынан ересектер арасындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы алты медаль алды. Бұл жарысты Халықаралық және Азия...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика