spot_img
Бейсенбі, Шілде 10, 2025
19.3 C
Kokshetau

Ақмолада мыңнан астам автокөлік кептелісте қалды (ФОТО, ВИДЕО)

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақпанның ақтүтек бораны ақмолалықтарды әбден әбігерге салды. Кешеден бері жабылған барлық бағыттағы жолдар темір тұлпар тізгіндеген мыңдаған автокөлік иелерін күре жолдың бойына қаңтарып қойған, деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
«Қазавтожол ҰК» акционерлік қоғамы тек бүгін таңғы 09:30-да барлық автокөліктер үшін республикалық маңызы бар трассалардың ашылғанын хабарлады. Ал түні бойы кептелісте тұрған мыңнан астам көлік жаңа ғана жолға шықты.

«Жол алыс әрі ертерек жұмысқа шығуға тиіс болғандықтан шығып кеттік. Ауа райы ашылып қалар деп ойлаған едік. Бірақ, боранның салдарынан түні бойы кептелісте тұруымызға тура келді, – дейді Еркін Жолдыбаев есімді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше кешеден бері жалпы саны 1670 автокөлік оның ішінде 1456 жеңіл және 214 жүк көліктері кептелісте тұрған. Облыстық тәртіп сақшылары 11 мәрте көліктермен ілесіп жүрген. Ал Щучинск-НұрСұлтан бағытында бораннан жол көрінбеуінің салдарынан алты автокөлік бір-біріне соқтығысқан.

«Екі автокөліктен өрт шықты. Абырой болғанда адамдар аман. Алты автокөлік иесіне әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 613 бабымен хаттама толтырылды, – деді полицияның баспасөз қызметінен.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ушу спортынан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алты медаль алды

Қытайдың Джилинг қаласында ушу саньда спортынан ересектер арасындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы алты медаль алды. Бұл жарысты Халықаралық және Азия...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика