spot_img
Жексенбі, Наурыз 1, 2026
-30.2 C
Kokshetau

Тоқаев сотқа да цифрлық технологияларды енгізу қажеттігін айтты

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі сот корпусының жалпы ахуалы, Жоғары сот кеңесінің былтырғы жұмысының қорытындылары мен биылғы жылға жоспары жайында баяндалды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Қазақстан халқына Жолдауында және республикалық соттар съезінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар Президентке Жоғары сот кеңесі судьяларды іріктеудің сапасын арттыру үшін қолданатын заманауи HR және цифрлық технологияны енгізу жөнінде айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовқа Кеңес жұмысына жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ, елдегі жаңа құрылған әкімшілік соттарға сапалы мамандар іріктеу туралы тапсырма берді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жаңа Конституция және жоғары білім: Көкшетауда болашақ бағыты талқыланды

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті қабырғасында республикалық референдум аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен жаңа...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика