spot_img
Жексенбі, Қыркүйек 8, 2024
9.8 C
Kokshetau

Онлайн жобалар: Театрдан қол үзбеңіз, көрермен!

Сондай-ақ...оқыңыз

 Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында онлайн жобалар жалғасуда. Театр ұжымы өзінің сүйікті көрермендерімен жүздесіп, олардан қол үзіп қалмаудың түрлі жолдарын қарастыруда,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Әдебиет бөлімінің меңгерушісі Манарбек Қыдырбайдың мәліметінше, театр репертуарындағы барлық спектакльдерді театрдың ресми сайтынан http://kazdramteatr.kz/ және https://www.facebook.com/975442519185864/posts/3761449313918490/ фейзбуктегі парақша арқылы тамашалауға болады.  Бұл жерден көрермен қауым қазақ драматургтерінің шығармаларымен қатар  әлемдік классиктердің комедиялық туындыларымен де таныса алады.

2021 жылы театрдың құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осы жылы театр әртісі ҚР мәдениет қайраткері Жанар Құсайынова өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтпек. Сонымен қатар ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып, іс-шаралар жоспары әзірленді. Биыл да театр репартуары жаңа спектакльдермен толықпақ. Биыл театр жетекшілігімен аймақтық фестиваль ұйымдастырылады. Оған Петропавл, Павлодар, Қостанай театрлары қатысады. Бүгінде театр ұжымы онлайн жобалар легін жалғастырып келеді, оның барлығын мәдениет ошағының фейзбук, инстаграм, телеграмдағы арнайы парақшаларынан тамашалауға болады,-дейді Манарбек Қыдырбайұлы.

Онлайн жоба «Талант тұғыры» театр әртістерімен сұқбат жанрында жасалатын жоба. Театр майталмандарының өнері мен өмірінен хабардар ететін әңгімелеу барысын осы https://youtu.be/oPAukpBd8NI https://www.facebook.com/975442519185864/posts/3761449313918490/  ссылка арқылы театрдың фейзбуктегі парақшасынан табуға болады.

Тағы бір онлайн жоба «Сырлы сөз» деп аталады. Бұл жобада жергілікті танымал ақындардың өлеңдерін театрдың кәсіби актерлері оқып, көрерменге жеткізеді. Сонымен қатар ақын туралы, оның шығармашылығы жайында өзге деректер айтылады. Ол үшін https://www.instagram.com/tv/CKwGoFmD7IT/?igshid=ykfplckkwom4 ссылкаға өтіп, инстаграмдағы ресми парақшаға кіріп көруге болады.

Манарбек Қыдырбайұлы хабарлағанындай, жақында тағы бір «Балаларға базарлық» онлайн жобасы жоспарлануда. Жақын күндері әлеуметтік желілер арқылы бұл жобаның да тұсауы кесілмек.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жетістікке апарар жол

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, «Жетістікке апарар жол» атты қазақ боксшысы, 2013 жылғы Азия чемпионы, Бүкіләлемдік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img