spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Нидерландыда коронавирус вакцинасы бірінші кезекте қарт адамдарға салынады

Сондай-ақ...оқыңыз

Нидерландыда «AstraZeneca» вакцинасының бірінші топтамасы 60-65 жас аралығындағы тұрғындарға және қарттар үйінің қызметкерлеріне салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Британ-швед компаниясының «AstraZeneca» вакцинасының алғашқы тобы Нидерландыға бесінші ақпанда жетті. Алғашқы кезеңде медицина қызметкерлері мен елдің 60-65 жас аралығындағы тұрғындарына екпе салу жоспарланып отыр. Техникалық келеңсіздікке байланысты Нидерланды басқа да ЕО елдері тәрізді биыл бұл өндірушінің вакцинасын жоспарланған мөлшерден аз алады. Нидерландыға келісімшартта көрсетілген 4,5 млн-ның орнына 1,3 млн доза екпе жеткізіледі. «AstraZeneca» – Еуропа дәрілік заттар агенттігі мақұлдаған үшінші вакцина. Бұған дейін ЕО америкалық «Pfizer» және «Moderna» вакциналарына рұқсат берген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img