spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ақмола облысында 13 мыңнан астам отбасы баспаналы болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында өткен жылы 13 мың отбасы қоныс тойын тойлады. Соңғы үш жылда өңірде құрылыс саласы қарқын алған. Бұл туралы Ақмола облысының құрылыс басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды «Aqmola News». 

Өткен жылы Ақмола облысында тұрғын үй құрылысына мемлекет қазынасынан 14 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Құрылыс басқармасының мәліметінше маңызды мәселені реттеуде пандемия біршама кері ықпалын тигізген.

«Әлемді жайлаған коронавирус құрылыс саласының дамуына да елеулі кері әсерін тигізді. Бірқатар облыстарда жұмыс күші қысқарды. Елімізде «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру 2017 жылы басталған. Аталған бағдарлама шеңберінде үш жылдың ішінде 1,5 миллион шаршы метрден астам баспана салынды. Өткен жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 570,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, – дейді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Гүлмира Тасова.

Мәселен «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтерге ие болғандардың бірі – Гүлнұр Өзбекова. Олар жұбайымен қаланың орталығынан көп жылдар бойы жнаған қаражатына 3 бөлмелі пәтер алған.

«2017 жылдан 2020 жылға дейін «Отбасы банкінде» ақша жинадық. Осының арқасында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспанаға ие болдық. Жалпы қазіргі таңда пәтер жалдау, көп ақшаға үй сатып алу аса қиын. Біз жас отбасыларға осындай мүмкіндік беріліп отырғанына аса қуаныштымыз, – деді Көкшетау қаласының тұрғыны Гүлнұр Өзбекова.

Облыс орталығымен қатар аудан орталықтарында да тұрғын үй құрылысы қарқын алған. Атап айтқанда Ақкөл, Бұланды, Есіл, Ерейментау, Атбасар және Бурабай аудандарында көп үйлер тұрғызылған. Есіл ауданында халықтың әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларына арналған 45 пәтерлі үйлердің құрылысы аяқталуға таяу. Облыста «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 4 және өңірлерді дамыту бағдарламасымен 1 тұрғын үй салынып жатыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img