Ақмола облысының тарихи-өлкентану музейінде қола дәуіріне жататын сүйектен жасалған коньки етіп жасалған ерекше құнды жәдігер пайда болды, деп хабарлайды «Aqmola News».
Бұл туралы аталған музей директоры Қуаныш Шақшақов мәлім етті. Жақында табылған бұл сүйектерге қатысты зерттеушілер бір тоқтамға әлі де келе алмаған.
«Қазіргі таңда археологиялық ескерткіштерден табылған бұл жәдігерлерге қатысты көптеген көзқарастар бар. Негізінен мұз үстінде жүруге арналған құрал ретінде пайдаланған нұсқаны қарастырған жөн сияқты. Мұндай қорытынды конькидің беткі қабатының сипатын зерттеуге де сондай-ақ эксперименттік және археологиялық конькилердің тозу сипатын көрсететін жүргізілген сараптамаларға ұқсастығына негізделіп отыр, – дейді Қуаныш Шақшақов.
Жәдігерді зерттеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.