spot_img
Бейсенбі, Қараша 20, 2025
3.8 C
Kokshetau

Этносаралық қатынастарды дамыту мақсатында семинар-кеңес өткізіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

2021 жылдың 21 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Стратегиялық сессиялары шеңберінде Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының,  өңірлік ҚХАХ-ның, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының, облыстың көші-қон қызметінің  өкілдерімен семинар-кеңесі өткізіледі. 

 Семинар-кеңестің мақсаты: жергілікті атқарушы органдарының қоғамдағы этносаралық келісімді нығайту жөніндегі жұмыстрында әкімдік қызметкерлерінің кәсібилігін арттыру, олардың қызметін жетілдіру жөніндегі ақпараттық жұмысты жандандыру.

Семинардың негізгі тақырыптары:

  • Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті мен жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдауы және өзара іс – қимыл мәселелері туралы, 2021 жылға арналған жоспар тақарыбындағы баяндама.

Сөз сөйлеуші: Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлы – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары;

  • Ерсейітова Хадиша Абдразаковна – «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары, «Қоғамдық келісім» РММ мен КММ-нің, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдарымен, жұмыстың бірыңғай тұжырымдамасы мен этносаралық салада 4 базалық жобаны іске асыру туралы» тақырыбында баяндама жасайды;
  • Құсманғали Ғалымжан Мұратұлы – Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары, еліміздің өңірлеріндегі этносаралық саладағы талдау жұмысы туралы тақырыбында мәлімет береді;
  • Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бойынша сөз «Отандастар қоры» КЕАҚ Вице-президенті, Мағауия Қанапияұлы Сарбасовқа беріледі.
  • Нысаналы топтар:
  • әкімдіктердің ішкі саясат, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің басшылығы мен қызметкерлері, көші-қон қызметінің өкілдері;
  • «Қоғамдық келісім КММ өкілдері;
  • өңірлік ҚХАХ-ның, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының өкілдері;
  • этномәдени бірлестіктердің өкілдері.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика