spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 7, 2025
9.8 C
Kokshetau

Қазақстандықтардың шотына 112,3 млрд теңге аударылды – БЖЗҚ

Сондай-ақ...оқыңыз

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін өтінім берген қазақстандықтардың шотына 112,3 млрд теңгеден астам қаржы аударды.

БЖЗҚ ақпаратына сәйкес, 1 және 2 ақпанда, яғни бірыңғай зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың алғашқы екі күнінде БЖЗҚ қазақстандықтардың уәкілетті операторларда ашылған арнайы шотына 112,3 миллиард теңгеден астам қаржы аударды.

«Отбасы банк» және Halyk bank уәкілетті операторларынан бір реттік зейнетақы төлемін алу бойынша келіп түскен 20 252 өтінім орындалған.

Еске салайық, зейнетақы жинағын тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында алу, сондай-ақ ақшаны Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына кері қайтару туралы ҚР Үкіметінің қағидалары 2021 жылғы 30 қаңтарда күшіне енді.

Қағидаларға сәйкес, жинақтарды қазақстандықтардың арнайы шотына аудару БЖЗҚ-ға салымшыдан өтініш келіп түскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

«Азаматтардың өтінім беруге және зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін нысаналы пайдалану шарттарына байланысты барлық мәселелерін уәкілетті оператор «бір терезе» қағидаты бойынша қарайды және БЖЗҚ-ға жеке өтініш беру талап етілмейді», – деп нақтылады БЖЗҚ-дан.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысындағы су тасқыны жағдайы бақылауда

Қазіргі уақытта Бұланды ауданында су тасқыны шыңы төмендеуде. Азаматтық қорғау күштері су тасқыны салдарын азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img