2021 жылдың 21 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Стратегиялық сессиялары шеңберінде Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының, өңірлік ҚХАХ-ның, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының, облыстың көші-қон қызметінің өкілдерімен семинар-кеңесі өткізіледі.
Семинар-кеңестің мақсаты: жергілікті атқарушы органдарының қоғамдағы этносаралық келісімді нығайту жөніндегі жұмыстрында әкімдік қызметкерлерінің кәсібилігін арттыру, олардың қызметін жетілдіру жөніндегі ақпараттық жұмысты жандандыру.
Семинардың негізгі тақырыптары:
- Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті мен жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдауы және өзара іс – қимыл мәселелері туралы, 2021 жылға арналған жоспар тақарыбындағы баяндама.
Сөз сөйлеуші: Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлы – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары;
- Ерсейітова Хадиша Абдразаковна – «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары, «Қоғамдық келісім» РММ мен КММ-нің, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдарымен, жұмыстың бірыңғай тұжырымдамасы мен этносаралық салада 4 базалық жобаны іске асыру туралы» тақырыбында баяндама жасайды;
- Құсманғали Ғалымжан Мұратұлы – Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары, еліміздің өңірлеріндегі этносаралық саладағы талдау жұмысы туралы тақырыбында мәлімет береді;
- Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бойынша сөз «Отандастар қоры» КЕАҚ Вице-президенті, Мағауия Қанапияұлы Сарбасовқа беріледі.
- Нысаналы топтар:
- әкімдіктердің ішкі саясат, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің басшылығы мен қызметкерлері, көші-қон қызметінің өкілдері;
- «Қоғамдық келісім КММ өкілдері;
- өңірлік ҚХАХ-ның, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының өкілдері;
- этномәдени бірлестіктердің өкілдері.