spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.5 C
Kokshetau

Сандықтау ауданында шағымданған ұстаздар тиісті жалақыларына қол жеткізді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Сандықтау ауданында мектеп мұғалімдерінің екі еселенген жұмыстары үшін тиісті жалақы төленбегені туралы бұған дейін әлеуметтік желілерде ақпарат жариялаған еді. Мәселе көтерілгеннен кейін өзінің шешімін тапты,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі.

Ақмола облысының білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов Сандықтау ауданындағы аталған мектепке арнайы ат басын бұрып, мәселемен танысып, тиісті тапсырмалар берді.

– Өткен жылдың екі тоқсанында Сандықтау ауданындағы бұл мектеп онлайн режимде қашықтан оқытылған. Ал 2021 жылдың қаңтарынан бастап дәстүрлі режимге көшіріліп, мектепте оқитын болған. Бұл жерде Сандықтау ауданы білім бөлімінің басшысы мен есепшісінің кінәсінен осындай жағдай орын алып отыр. Басқарма басшысы Бейбіт Жүсіпов білім бөліміне барып, мектеп ұстаздарының тиісті жалақыларын дереу аударуларын талап етті. Қазіргі уақытта осы мектептің барлық мұғалімдерінің карточкаларына жалақылары тиісті көлемде аударылды, – деді Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз хатшысы Индира Қалымжанова.

Басқарманың баспасөз хатшысы Бейбіт Жүсіповтың өзге де қашықтан оқытудан дәстүрлі режимге ауыстырылған мектептерде мұндай жағдайдың қайталанбауын қатаң ескерткенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, Ақмола облысының Сандықтау ауданындағы мектептердің біріндегі ұстаздар әрбір сынып екі топқа бөлініп екі ауысымда оқығандықтан екі мәрте сабақ бергені үшін тиісті жалақының төленбегеніне наразылықтарын білдірді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика