spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 7, 2025
19.2 C
Kokshetau

Зейнетақы жинағынан ипотека рәсімдеген алғашқы қазақстандық белгілі болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалынып, ипотека рәсімдеген алғашқы қазақстандық Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Бұл туралы «Отбасы банктің» баспасөз қызметі хабарлады.

Салымшы зейнетақы жинағының бір бөлігін алу туралы өтінімін онлайн-платформа іске қосылған күннің ертесіне жіберген.

«Зейнетақы жинағымның жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін пайдалануға болатынын әлеуметтік желілерден білдім. Сосын бірден өтініш жібердім. 1 ақпанда арнайы шотыма біржолғы зейнетақы төлемі аударылды», – дейді шымкенттік тұрғын.

Белгілі болғандай, БЖЗҚ салымшысы тұрғын үйді үлестік қатысу шарты аясында сатып алған екен.

«Бастапқы жарна ретінде зейнетақы жинағымды қолдандым. Ипотеканы «Отбасы банк» аралық займ арқылы рәсімдедім», – дейді.

Салымшының айтуынша, несие де тез арада мақұлданып, ешқандай қиындық болмаған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img