spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ақмолада мемлекеттік қызмет көрсетудің ережесін бұзған қызметкерлердің саны 35 пайызға азайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінде 2020 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланды, деп хабарлайды «Aqmola News» аталған ведомствоға сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, 2019 жылмен салыстырғанда түскен өтініш санының 35 пайызға төмендегені байқалады. Өткен жылы мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша азаматтардан 146 өтініш түсті, оның ішінде құзыреттілік шеңберінде 61 өтініш қаралды.

«Азаматтар департаментке мемлекеттік қызмет туралы заңнама және мемлекеттік қызметке түсу, оны өткеру және тоқтатуға байланысты шектеулер туралы түсініктеме алу үшін жиі жүгінеді. Сондай-ақ азаматтар, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер конкурс қорытындыларымен, тәртіптік жазалармен, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтамауымен келіспеу фактілері бойынша өздерінің бұзылған құқықтарын қорғау үшін өтініш жасайды. 2020 жылы тексеру нәтижелері бойынша 400-ден астам бұзушылық анықталды, азаматтардың қалпына келтірілген құқықтарының үлесі 75 пайызды құрады. Тәртіптік жаза қолдану туралы 16 шешімнің, бос лауазымға орналасуға конкурс комиссиясының және жұмыс өтілін есептеу жөніндегі комиссияның шешімдерінің күші жойылды. 4 тәртіптік іс қозғалды» деді ведомстводан.

Айта кетсек, коронавирус инфекциясының таралуына байланысты орын алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты Ақмола облысында әдеп кеңесі отырыстарының 80 пайызы онлайн режімде өткізілді.

«Жалпы, былтыр кеңестің 10 отырысы өткізіліп, онда 72 мәселе қаралды. Сұрақтардың 75 пайызы – профилактикалық сипатта. Бұл – әкімдердің, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, Әдеп жөніндегі уәкілдердің, тәртіптік комиссиялар төрағаларының әдеп бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдар жұмысының қорытындысы туралы есебі.

Әдеп жөніндегі кеңес сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге қатысты 18 дербес тәртіптік істі қарады: Әдеп кодексін бұзғаны үшін – 4 адам, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін – 14 адам жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар соңғы 5 жылда тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны 35 пайызға азайды.

Егер 2020 жылы олардың саны 779 болса, 2019 жылы – 805, 2018 жылы – 892, 2017 жылы – 986, 2016 жылы – 1200 болды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img