spot_img
Жұма, Сәуір 18, 2025
1.6 C
Kokshetau

3 ақпан күнгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

3 ақпан күні еліміздің солтүстік бөлігінде қар мен жаңбыр жауады. Сондай-ақ теріскейде көктайғақ болады, жел күшейіп, ауа температурасы жоғарылайды. Ал республиканың оңтүстік бөлігі жоғары қысым аумағында орналасатындықтан жауын жаумайды. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, деп хабарлайды «Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Көктайғақ болады. Өңірдің басым бөлігінде жел екпіні – 23 м/с.

Ақмола, Қостанай облыстарында – тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Түнде кей жерлерде, күндіз аймақтың басым бөлігінде жел жылдамдығы – 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын соғады. Көктайғақ. Жел қарқыны күндіз 25 м/с дейін күшейеді. Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз көктайғақ болады.

Тәулік бойы Батыс Қазақстан, Ақтөбе өңірлерінде, түнде және таңертең Алматы облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстырында кей жерлерде тұман түседі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика