spot_img
Бейсенбі, Мамыр 22, 2025
23.2 C
Kokshetau

Көкшетауда 11 мектеп 14 күнге карантинге жабылды – Қанат Искаков

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 181 мобильді мониторинг тобы жұмыс істейді. Соңғы бір екі күнде жоспарсыз жүргізілген рейдтер нәтижесінде 90 нысанға тексеріс жүргізіп, 6 қоғамдық тамақтану мен демалыс орталықтарында карантин талаптарын бұзу фактілері тіркелген,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Көкшетау қаласының бас санитар дәрігері Қанат Искаков жеткізді.

Спикердің таратқан мәліметінше, мобильді топ 20 шақты азық-түлік дүкендеріндегі маскалық режімді бұзу дерегін анықтап, әкімшілік жауапкершлік жүктеген.

Сонымен қатар қаладағы «Апшерон», «Антилопа», «Ани» сияқты қоғамдық тамақтану орындарында уақыт шектеуіне қарамастан, қорқор тартылып, еске алу кештері өткізілген.

Бұдан бөлек карантин талаптарын бұзу дерегі 1 компьютер клубында, 1 қоғамдық моншада және 1 демалыс орталығында тіркелген.

Карантин шектеулерін ескермей жұмыс істеген мекемелерге жалпы көлемі 6 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

Айта кетерлігі, өңірде соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың 129 жағдайы зертханада расталды. Өңірде 11 мектеп 14 күнге карантинге жабылды.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика