spot_img
Жұма, Мамыр 23, 2025
13.9 C
Kokshetau

Ақмола облысында 17 автокөлік жолдары жобасы жүзеге асырылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл Ақмола облысында жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуде көлемді жұмыс жүргізілмек. Өңірдегі жол тораптарына күрделі және орташа жөндеу, жаңадан жолдар салу көзделген, деп хабарлайды «Aqmola News» Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігіне сілтеме жасап. 

Оның ішінде Екатеринбург-Алматы бағытындағы республикалық маңызы бар автожолға , Жақсы-Бұзылы-Есіл учаскесіндегі көпірді күрделі жөндеу және Ресеймен шекара тұсында автоматтандырылған таразы қондырғысы орнату  және жобалық-сметалық құжаттама жасау жоспарланған. Мұнымен қоса Ресей Федерациясымен шекара трассасында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу және Шортанды кентіне таман техникалық қызмет көрсету станцияларын орналастыру көзделіпті.

«Облыстық жолдарда Атбасар-Сочинское, Есіл-Свободное-Раздолное және Садовое селолық округының Заречное селосында үш көпір құрылысы жоспарланды. Құрылыс компанияларымен Екатеринбург-Алматы-Түрген-Константиновка-Белоярка-Новый Колутон-Ақкөл-Азат-Минское, Атбасар-Қима-Жақсы-Державинск, Зеренді-Красный Кордон-облыс шекарасы, Бұзылық-Алматы тас жолдары учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары өткізілмек, – деді министрліктен.

Жалпы өңірде автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 7940 шақырым, олардың ішінде республикалық жолдар 2314 ал жергілікті жолдар 5626 шақырымды құрайды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика