spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Bloomberg фармацевтика маманы «Спутник V» вакцинасына баға берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Bloomberg агенттігінің фармацевтика саласындағы аға талдаушысы Сэм Фазели ресейлік «Спутник V» вакцинасын зерттей келе оның тиімділігіне сенімді болуға негіз бар екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Bloomberg талдаушысы «Спутник V» вакцинасы бойынша үш аралық талдаумен 22714 адам сынақтан өткенін жазады. Ресейлік вакцинаны зерттеген талдаушы оның тиімділігі 90% немесе одан да жоғары екеніне көзі жеткен. Сондай-ақ, вакцинацияланған адамдардың бірде-бірінен коронавирус инфекциясының ауыр түрі тіркелмеген.

Фазели өз мақаласында «Спутник V» вакцинасы AstraZeneca-Oxford University мен Johnson & Johnson вакциналарында қолданылатын вакцинаның алдыңғы қатарлы технологиясының көмегімен жасалғанын атап өтеді. Вакцинаның екі дозасында да аденовирустық векторлар, жалпы суықтан келетін, коронавирустың генетикалық материалын жеткізетін және иммундық жүйені одан әрі инфекциялардан қорғану үшін жауап беретін вирустар қолданылады.

«Спутник V» вакцинасының бір айырмашылығы бар» дейді Фазели. Ресейлік вакцина бірінші дозада (аденовирус-26) Johnson &Johnson вакцинасында қолданылатын аденовирусты пайдаланады. Ал екінші дозада басқа аденовирус (аденовирус-5) қолданылады. Осылайша, автор атап өткендей, бірінші дозаға иммунитеттің пайда болу мүмкіндігі алынып тасталады. Бұл екінші дозаның тиімді әрекет ету қабілетіне әсер етеді.

Бұл ретте бір проблема – адамдардың көпшілігінде аденовирус-5 иммунитетінің бары. «Бірақ вакцина өте тиімді болса, бұл үлкен кемшілік емес» дейді сарапшы.

«Спутник V вакцинасын терең зерттей келе бұл вакцина батыстың зертханаларында жасалған вакциналар сияқты күшті кандидат бола алады деп айтуға негіз бар», – деп жазады Фазели.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img