spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Қуат Хамитов соттан шет ел намысын қорғау үшін шығып тұруын өтінді

Сондай-ақ...оқыңыз

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті сот, мен үшін ең маңызды мәселе шетелге шығуға мүмкіндігімнің болуы. Себебі мен елімнің намысын қорғап жүрмін. Жазам қандай болса да, көнемін. Тек шетелге шыға алсам болды. Менің алға қойған мақсатым көп»,- деді ол.

Сот үкімі бүгін 14:30 де болады. Қуат Хамитов ҚР ҚК 272 бабының 3-бөлімі бойынша (билік өкіліне бағынбауға шақыру, жаппай құқықбұзушылыққа тарту, арандату, азаматтарға күш қолдануға шақыру) қозғалған іс Алмалы аудандық сотында қаралып жатыр. Айта кету керек, былтыр қыркүйекте қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов Алматы полиция департаментіне жеткізілген болатын.

Ол әлеуметтік желіде билікке қарсы күш қолдануға шақырған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлімімен іс қозғалды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img