spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмолада екі дос ветеринарлық клиника ашты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Сандықтау ауданында бұрынсоңды үй жануарларына кеңінен қызмет көрсететін мамандандырылған мекеме болмаған. Алғашқы ветеринарлық клиниканы екі дос Руслан Бугир мен Усман Асхабов ашты, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Мұнда үй жануарларына арналған УЗИ аппараты, операциялық блок және өзінің дәріханасына дейін жабдықталыпты. Сондай-ақ косметикалық қызметтер де көрсетіледі екен.

«Біз жұмыс істегелі бері көптеген жануараларға кәсіби көмек көрсеттік. Олардың көпшілігі үй жануарлары. Қазіргі сәтте біз ауданда ірі-қараны жасанды жолмен ұрықтандыратын және басқа да барлық қызмет түрлерін көрсететін жалғыз ветеринарлық клиникамыз, – дейді клиниканы ашушылардың бірі Руслан Бугир.

Екі дос Руслан Бугир мен Усман Асхабов соңғысы әскерден оралғаннан кейін танысқан. Ол кезде Руслан жергілікті ветеринарлық станциялардың бірінде қызмет етіпті. Ветеринарлық білімі бар Усман жұмыс іздеп жүрген. Жолығып қалған жігіттер әскер және жан-жануарларға қамқорлық жасау жайлы әңгімелесіп отырып, достасып кеткен. Біраз уақыт ветеринарлық станцияда бірге жұмыс істеген жігіттерге мал емдеу міндеттеріне кірмепті.

«Бізге малдары ауырып қалған адамдар жиі келетін. Әрине, қолдан келгенше көмегімізді аямадық. Бірақ бұл жеткіліксіз болды. Қажетті жабдықтар болмады. Тіпті, өз жұмысымыздан қолымыз да тимейтін. Осыдан кейін бізде өзіміздің жеке ветеринарлық клиникамызды ашу арманы пайда болды. Онда біз үй және ауыл шаруашылығына көмек көрсетілетін болды», – дейді Руслан Бугир.


Достар осыдан кейін біртіндеп қолда бар ақшаларын жинай бастаған. Бірақ, мемлекет қолдауынсыз өз идеяларының жылдар бойы жүзеге асыра алмайтынын түсінген.

«Біз несие алу нұсқаларын қарастыра бастадық. Содан келіп «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасына тоқтадық. Қажетті құжаттар пакетін жинап кәсіпкерлер палатасына бардық. Сертификат алып, өзіміздің бизнес-жоспарымызды құрып, конкурсқа қатысуға өтінім ұсындық», – деп еске алды дәрігер.


Ал қыркүйекте екі дос өз жобаларын сәтті қорғап, төрт миллион теңге грант алған. Конкурсқа қатысу үшін орын жалға сол жерде дәріхананы да жабдықтап алған.

«Болашақта өз жобамызды кеңейтіп облыстық деңгейге дейін көтерілгіміз келеді, – дейді Руслан Бугир.

Жас кәсіпкерлер болашақта одан әрі өз кәсіптерін кеңейтіп, клиникаларының жұмысын одан әрі жетілдірмек ниетте.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img