spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 9, 2025
17.2 C
Kokshetau

Корнавирус: Вакцинаны жеткізу жұмысы негізгі 4 кезеңнен тұрады

Сондай-ақ...оқыңыз

Коронавирус вакцинасын сақтау үшін өңір әкімдіктері тоңазытқыш құрылғыларын алып жатыр. Бұл туралы ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вакцинаның сапасын қамтамасыз ету үшін өңірлер тоңазытқыш құрылғыларын алып жатыр. Ол тоңазытқыштарда вакцина сақталады әрі сол арқылы тасымалданады», – деді Марат Шоранов ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, вакцинаны жеткізу жұмысы негізгі 4 кезеңнен тұрады. Ең алдымен өндірушіден бірыңғай дистриьютордың қоймасына жеткізіледі. Одан кейін бірыңғай дистриьютордың қоймасынан өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының дәріхана қоймаларына әкелінеді. Осыдан кейін үшінші кезеңде өңірлердегі денсаулық сақтау басқармалары бұл вакциналарды қалалар мен аудандардағы медициналық ұйымдарға тасымалдайды. Төртінші кезеңде вакцина сол медициналық ұйымдарда сапалы күйде сақталуы керек.

Еске сала кетсек бұған дейін Марат Шоранов вакцинация жүргізер алдында азаматтардың дене температурасы өлшеніп, жүрек-қантамыр жүйесін аускультациялау және жұтқыншақты тексеру шаралары жасалатынын айтқан еді. Егер температура 37°C-тан асса, вакцинация кейінге қалдырылады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img