spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Рудныйда 2 жасар қыз бала терезеден құлап кетіп аман қалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қостанай облысында 2019 жылы туған бүлдіршін екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатының терезесінен құлап, аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 26 қаңтар сағат 16:35 кезінде Рудный қаласының Тобыл көшесінде болған. 2 жасар бала үйінде 20 жастағы әпкесімен бірге болған. Әпкесі қонақ бөлмеде отырғанда, сәби ас үйдегі терезе маңында ойнап жанында ойнап жүрген. Кенет ол ашық қалған терезеден сыртқа құлап кеткен.

Абырой болғанда бала үйілген қардың үстіне түскен.

Кішкентай қыз бірден Рудный көпсалалы ауруханасына жеткізілді. «Тексеруден кейін балалар бөлімінің дәрігерлері оның өміріне еш қауіп төніп тұрмағанын айтып, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ деген қорытындыға келді. Қазіргі уақытта бала үйде ата-анасының қарауында» дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.

Облыстық ТЖД балаларды үйде қараусыз қалдырмауға, қауіпсіздік ережелерін барынша сақтауға шақырады. Сонымен қатар терезелерге қауіпсіздік торын орнатуды ұсынады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img