spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

А.Салиев: Елде вакцина шығару логистикалық шығынды қысқартуға, медұйымға тез жеткізуге мүмкіндік бермек

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда бiрер күннен кейiн жалпы халықты вакцинациялаудың бiрiншi кезеңi басталмақ. Бұған дейiн, Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қызметкерлерi вакцинациялау барысында коронавирусқа қарсы ресейлiк «Спутник V» вакцинасы пайдаланылатынын атап өттi. Осы орайда, вакцинаны елге жеткiзу, Қазақстанда вакцина шығару жұмыстары жөнiнде «СҚ-Фармация» ЖШС Бiрыңғай дистрибьюторының басқарушы директоры Аймұрат Салиевпен сұхбаттасуды жөн санадық. Әңгiме барысында мекеменiң басқарушы директоры елiмiздегi өндiрiлiп жатқан вакцина, шеттен келетiн вакцинаны сақтау, облыс-аудандарға тарату үшiн жүргiзiлiп жатқан жұмыстар жөнiнде айтып бердi, деп хабарлады Strategy2050.kz тiлшiсi.

1 ақпанда Қазақстанда халықты вакцинациялаудың бiрiншi кезеңi басталмақ. Вакцина толық әкелiндi ме? Қазақстан дайын ба?

2021 жылдың ақпан айынан бастап ҚР-да Ресейде шығарылған «Спутник V» вакцинасын пайдалана отырып, КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың бiрiншi кезеңi басталады. Бұдан әрi вакцинация Қарағанды фармацевтикалық кешенiнiң базасында өндiрiлген «Спутник V» вакцинасымен жүзеге асырылады. Ал, 2021 жылдың 2 тоқсанынан бастап қазiргi уақытта клиникалық сынақтардың III кезеңiнде тұрған отандық өндiрiс – QazCovid-In препаратымен вакцинациялауды бастау жоспарланып отыр.

Вакцинаны елге жеткiзуде, тасымалдауда қандай да бiр қиындықтар болды ма?

Дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету процесiнде термолабильдi препараттарды өндiрушi кәсiпорыннан тұтынушыға дейiнгi жолдың барлық кезеңдерiнде сақтау мен тасымалдаудың оңтайлы температуралық режимiн қамтамасыз етiп, үздiксiз жұмыс iстейтiн жүйенi қалыптастыру маңызды мәселе. 2020 жылдың желтоқсанында Қазақстанда отандық кәсiпорын – «Қарағанды фармацевтикалық кешенi» ЖШС-да «Спутник V» вакцинасының өндiрiстiк желiсi iске қосылды, онда коронавирусқа қарсы вакцинаның кемiнде 2 млн дозасын өндiру жоспарлануда.

Республика аумағында вакцина шығару логистикалық шығындарды қысқартуға және қысқа мерзiмде медициналық мекемелерге жеткiзудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Бұл, соның iшiнде жеткiзудiң логистикалық тiзбегiн қысқарту бөлiгiнде «суық тiзбектiң» оңтайлы жағдайларын сақтау тұрғысынан да маңызды. «Спутник V» covid-19 ресейлiк вакцинасын сақтаудың температуралық режимi – 18 – 20°С. Вакцинаны елге жеткiзуде, тасымалдауда қиындықтар туындамауы үшiн «суық тiзбек» бойынша жауапкершiлiк оның қатысушыларына сәйкес бөлiнедi:

Бiрiншiсi – өндiрушi Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Нұр-сұлтан қалаларында Бiрыңғай дистрибьютор Хабтарына жеткiзiп беруге жауапты

Екiншiсi – Бiрыңғай дистрибьютор өз хабтарынан өңiрлердiң денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына жеткiзiп беруге жауапты

Үшiншiсi – өңiрлердiң денсаулық сақтау басқармалары өз қоймаларынан медициналық ұйымдарға жеткiзiп беруге жауапты

Төртiншi – медициналық ұйымдар сақталуына жауапты

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» ҚР Кодексiне сәйкес, сақтау және тасымалдау бойынша қызмет көрсетушiлер дәрiлiк заттар дистрибьюциясына бiрыңғай талаптарды белгiлейтiн және жеткiзудiң барлық тiзбегi бойынша дәрiлiк заттардың сапасын, қауiпсiздiгiн және тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi сақтаудың, тасымалдаудың және таратудың тиiстi шарттарын сақтауға бағытталған GDP тиiстi дистрибьюторлық тәжiрибе стандартының талаптарын сақтауға мiндеттенедi.

Ресейлiк коронавирусқа қарсы вакцинасын сақтаудың температуралық режимi -18 – 20°С екенiн атап өттiңiз. Осы температуралық деңгейде сақтауда бiздiң мүмкiндiгiмiз бар ма?

Бiрыңғай дистрибьютордың (дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөнiндегi қызметтердi жеткiзушiлердiң) хабтарында өңiрлердiң денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына жеткiзудi қамтамасыз ету үшiн мамандандырылған автокөлiктiң, термоконтейнерлердiң, мұздатқыш элементтердiң, сондай-ақ температураны тiркеу аспаптарының саны жеткiлiктi.

Бiрыңғай дистрибьютордың хабтары температура мен ылғалдылық мониторингiнiң электронды жүйелерi бар мамандандырылған мұздатқыш және тоңазытқыш камераларымен жабдықталған, әрi ақпарат ұзақ уақыт сақталады. Температура нормадан ауытқыған жағдайда жауапты тұлғаға дабыл белгiсi бар СМС-хабарлама автоматты түрде жолданады. Барлық датчиктерден алынған ақпарат хабарландыру жүйесiмен жабдықталған орталық температура мен ылғалдылықты бақылау жүйесiне берiледi.

Электр энергиясы ажыратылған жағдайда тоңазытқыш жабдығын, тоңазытқыш және мұздатқыш бөлмелердi немесе камераларды үздiксiз электрмен жабдықтау жүйесiне (генератор) автоматты түрде қосатын тетiк қарастырылған.

«Суық тiзбекте» тасымалдау ерекше маңызды. Вакциналарды тасымалдаудың барлық деңгейлерiнде температураның көрсеткiштерiн iлеспе құжаттарда белгiлей отырып, келiп түсудi және одан әрi жөнелтудi тiркеу жүргiзiледi.

Термолабильдi дәрiлiк заттар арнайы автомобиль көлiгiмен – рефрижератормен тасымалданады, оған алдын-ала валидация рәсiмi жасалады. Бұл рәсiм процесс, жабдық, материал, операция немесе жүйе берiлген талаптарға сәйкес келетiнiн және оларды пайдалану алдын-ала белгiленген қолайлылық критерийлерiне сәйкес келетiн нәтижелерге үнемi әкелетiн құжатпен ресiмделген iс-әрекеттер. Сонымен қатар, тасымалдау үшiн температураны бақылау датчиктерi мен GPS орнатылған тоңазытқыштар қолданылады. Межелi жерге келгеннен кейiн жүру жолындағы сақтау температурасы туралы ақпарат алушыға берiледi. Әрбiр термоконтейнерге тасымалдау кезеңiнде өнiмдi сақтау температурасын көрсететiн термоиндикатор-датчиктер салынады.

Өңiрлердiң денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларында және медициналық ұйымдарда сапа жүйесiн сақтау құзыреттiлiгi мен мүмкiндiгi бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi өңiрлердiң денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына «суық тiзбекке»дайындық бойынша тапсырма жiбердi. ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау комитетiнiң аумақтық департаменттерiн тарта отырып, температуралық режимдi, үздiксiз қоректендiру көздерiн, вакциналарды сақтау мен тасымалдауды қамтамасыз ету үшiн термобоктарды бақылай отырып, қажеттi Тоңазытқыш жабдығын сатып алу және орнату, сондай-ақ тауарды қабылдау бойынша персоналды оқыту бойынша iс-шараларды атқаруда.

Сұхбатыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img