Бүгін Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде студенттер арасында «AntiParaCraft-2021» квесті бастау алды. Жемқорлықсыз қоғамға қол созуға талпынған жастар осындай игі шараны қолға алды. Танымдық жоба ойын форматында жүзеге аспақ,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Квест — бүгінде жастар арасында танымал, сондықтан мұны жемқорлықты жою,оны болдырмау немесе алдын алу мәселесіне қолданса, бұған жастар назар аударады,-дейді ұйымдастырушылар.
Аталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы квестке әртүрлі факультеттерден 6 команда қатысады.
Студенттер алдын ала дайындалған пранк-арандатуларды болжап, QR кодтарының көмегімен криминалистикалық, зияткерлік және шығармашылық тапсырмаларды орындайды. Сонымен қатар олар бейнероликтер жасайды.
Осылайша, іс шара барысында студенттер сыбайлас жемқорлық туралы қарапайым әрі қызықты материалдар жасап, әділқазылар назарына ұсынады.
сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған мүлдем төзбеушілікті насихаттауға тартудың, студенттер, ПОҚ және университет қызметкерлері арасында этикалық нормаларды сақтау мониторингінің жаңа әдісі ретінде ойын түрінде өткізілетін болады.
Квест финалы 27 ақпанда өткізіледі. Финалда «Адалдық капитандар турнирі» іс-шарасы өтеді. Команда капитандары этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы зияткерлік жарыста тапқырлығын көрсетуге тиіс. Қазылар алқасы көрсетілген материалдарды сараптап, Факультеттің үздік командасын анықтайды, дейді әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Ғалым Байтуқ.
Жарыс қорытындысында жеңімпаз команда адалдық кубогімен марапатталады.
Университет қабырғасында өткізілетін бұл шара Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен өткізіледі.