spot_img
Сейсенбі, Сәуір 8, 2025
18.2 C
Kokshetau

Қазақстанда қатаң карантин болады – Цой болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың жаппай жұғу «шыңы» мен Қазақстанның қатаң карантинге көшуінің ықтимал мерзімін атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінде 2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық ахуалдың даму болжамы жасалды. Министрдің айтуынша, ауру таралуының шарықтау шыңы осы жылдың наурыз айының соңында болуы мүмкін.

«Оптимистік сценарий бойынша, тәулігіне 3 мың жағдайға дейін тіркелу күтілуде, сонымен қатар 24 мың төсекке дейін қолдану болжанып отыр. Пессимистік сценарий бойынша, тәулігіне 9 мың жағдайға дейін КВИ оң жағдайы тіркелуі мүмкін, ал төсек-орын қорының қамтылуы 45 мың төсекке дейін жетуі мүмкін. Сонда денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу үшін қатаң карантиндік шараларды енгізу қажет болады», – деді Цой Президенттің қатысуымен өткен Үкімет отырысында.

Ведомство басшысының айтуынша, болжам бойынша, бірінші жартыжылдықта екі миллион адамды вакцинациялау тіркелген жағдайлардың санын 40 мыңға дейін азайтады.

Бұған дейін Цой Тоқаевқа «Қазақстанда дәрі тапшылығы болмайды» деп уәде берді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img